ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

 7жылдың ішінде «Жасдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше орнын белгіледі.

         «Жасдәурен»  –  балалардың, сенімділік пен қауіпсіздіктің, қамқорлық аралы. Орталықтың қоғамдық маңызы толассыз. Біз балалар бойындағы патриоттық рухтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытып, әр балаға қоғам ішінде жеке тұлға ретінде сезінуіне ықпал жасап, өмірлік ұстанымдарын айқындауға көмектесеміз. «Жасдәурендегі» жайсаң күндердің өтуі, бізге, ересектерге байланысты. Мұнда қызмет ететін адамдар кездейсоқ емес, барлығы да баланы  және өз ісін шексіз сүйетін жандар. Біз, сонымен қатар, орталық ішінде қалыптасқан бала тәрбиесінің бірегей жүйесімен мақтанамыз!

Бүгінгі таңда «Жасдәурен» 7жасқа толып отыр, бірақ «Арман аралының» алар асулары және биік белестері, бақытты туған күндері алда екеніне сенеміз. Қаншама жылдар өтсе де, мұндағы пәк тұрғындардың жасы өзгермей, орталық іші қашан да сыңғырлаған күлкіге толы болады. Әр кеткен баланың арманы – орталықа оралу болса, бұл біздің бірлескен жұмысымыздың жоғары бағасы деп білеміз.