Әр ауысым ерекше іс-шараларымен қызықты. Дәстүрлі іс-шараларымызға тоқталсақ, «Туған күніңмен балақай!» атты іс-шарада демалуға келген балалардың арасында ауысым кезінде туған күні болатын балалар тізімі құрылып, үлкен іс-шара ұйымдастырылады. Топ демалушылары сыйлықтар жасап, музыкалық құттықтаулар, ата-аналармен телемост көпірін жасайды. Онда әр ата-ана туған күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді. «Визитка қорғау кеші» — әр топ өзін таныстырады. Әр топ атауы, ұраны, санамағы, киім үлгісі, эмблемасын, шығармашылық өнерлерін көрсетеді. «Достық базары» балалар қолдарынан жасаған тауар және ойлап тапқан қызметтерін саудаға салады. Ақша түрін ойлап табады. «День нептуна» өтеді Сабындыкөл жағасында өтеді. Спорт ойындарын ойнайды. Іс-шара соңында балалардың тілектері жазылған қағаздан жасалған кемелері суға жіберіледі. «Талант шоу» бұл іс-шарада балалар өз өнерлерін көрсетеді, жетілдіреді. «Дәлме дәл» бұл сайыста киномультсериал, беунеклиптерге, белгілі әншілерге пародия жасайды. Актерлік шеберлікке, сахна мәдениетіне, өзінің армандаған әнші немесе актер орнында болып рөлін сомдайды.

ІС–ШАРАЛАР
“Визитка қорғау кеші”
“Бизнес баспалдағы”
“Туған күніңмен, балақай!”
“Биле-биле, Жас даурен!”
“Толағай” спорттық іс-шаралары
“Ұлттық ойындар” және т.б

4
4 1
4 4
4 2
4 3