Әр ауысымға 100 бала жолдама алады, жылына 16 ауысым. Оқу жылы кезеңінде ауысым ұзақтығы 20 күн, жаз мезгілінде 15 күн.
Баянауыл елі өзінің сұлу табиғатымен танымал. Демалуға келген балаларды Баянауыл өлкесімен таныстыру мақсатында экскурсия кестесу құрылады. Баянауыл ауданының көрікті жерлеріне саяхат жасап, тарихи аңыздарға көз жүгіртеді. Айта кетейік, саяхат 8 маршрут бойынша жүзеге асады. Олар өте қызықты әрі керемет, танымдық және қызығушылықты арттыру сияқты жақтары мол. Атақты зерттеуші және философ ретінде танылған, М.Ж.Көпеевтің кесенесіне, мұражайына, алғашқы академик Қ.И.Сатпаевтың мұражайына, белгілі ақын-жазушы С.Торайғыровтың мұражайымен, Қоңыр әулие үңгірі, Жасыбай батыр ескерткіші, Жаяу Мұса ескерткіші, Баянауыл өңірімен танысу – рухани және мәдени дамуға керемет мүмкіндік береді.
